Орал қаласындағы №53 жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларға арналған мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасының мамандары қатысты.
Кездесу барысында университет өкілдері оқушыларға оқу бағдарламалары, білім беру бағыттары, заманауи мамандықтар және талапкерлерге жасалатын мүмкіндіктер туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, гранттар, қабылдау ережелері мен студенттік өмір жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру және жоғары білім алуға ынталандыру. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жастардың кәсіби бағдарын айқындауға және болашаққа сенімді қадам жасауына үлкен септігін тигізеді.