2026 жылғы 20 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтында «Құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар және құқық: заманауи ғылыми зерттеулер» атты ғылыми студенттік конференция өтті.

Аталған іс-шара Ғылым күніне орай ұйымдастырылған онкүндік (декада) аясында өткізілді. Оның мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, өзекті құқықтық мәселелерді талқылау және ғылыми тәжірибе алмасу болып табылады. Сонымен қатар, конференция барысында білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу және ғылым мен практиканың даму перспективалары кеңінен қарастырылды.

Конференцияға кафедраның білім алушылары мен олардың ғылыми жетекшілері белсенді қатысты. Іс-шара барысында студенттер азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және халықаралық құқық салалары бойынша баяндамалар жасап, қазіргі құқықтық мәселелерді талқылады.

Конференция нәтижесі бойынша үздік баяндамалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды:
 І орын – Нағашыбай Ақмоншақ Сенбайқызы
 ІІ орын – Мусаева Жанерке Бекболатовна
ІІІ орын – Куаныш Расул Кайсарұлы, Кушанова Карина Женисқызы

Сонымен қатар, белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен келесі студенттер марапатталды:
– Асхатқызы Аружан
– Бисенби Амандық
– Медеуова Венера

Конференцияны ұйымдастырушы – СҒЗЖ бойынша жауапты аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Отеуова А.К. Аталған іс-шара студенттердің ғылыми белсенділігін арттырып, құқық саласындағы білімдерін тереңдетуге және тәжірибелік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz