2026 жылдың 23-сәуірінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында 6В03201– Кітапхана ісі білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының кәсіби білімді білім алушылары қатысып, теориялық білімдерін ғана емес, кітапхана ісінің заманауи бағыттары, цифрлық технологияларды тиімді қолдану және ақпараттық қызмет көрсету мәдениеті бойынша да шеберліктерін көрсетіп, өзара бақ сынасты.

Білім додасына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының  білім алушылары Жалдыбаева Аида Жайдарқызы, Бркенова Айдана Болатовна, Куангалиева Зоя Ержановнадан құралған «BiblioStars» командасы аға оқытушы Утешова Звайда Бисеновнаның жетекшілігімен жоғары деңгейде білімдері мен біліктіліктерін дәлелдей отырып, жүлделі ІII орынды иеленді.  

Бұл жетістік – білім алушылардың  табандылығы мен ізденісінің, сондай-ақ кафедра оқытушыларының кәсіби шеберлігінің айқын көрінісі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz