2026 жылғы 16-сәуірде Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым онкүндігі-2026» іс-шаралары аясында Тарих және құқық кафедрасы «Гуманитарлық білімнің цифрлық трансформациясы: тарихты зерттеу мен құқық ғылымындағы жасанды интеллектінің рөлі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – жасанды интеллекттің гуманитарлық және құқық саласындағы қолдану мүмкіндіктерін талқылау, ғылыми зерттеу мен білім беру процестерін цифрлық трансформациялау жолдарын қарастыру болды.

Дөңгелек үстел жұмысына жоғары профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар қатысты. Қатысушылар гуманитарлық білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформация үдерістерін, тарих ғылымын зерттеудегі заманауи әдістерді, сондай-ақ құқық ғылымында жасанды интеллектіні қолданудың өзекті мәселелерін талқылады.

Іс-шара барысында келесі негізгі бағыттар қарастырылды:

  • гуманитарлық ғылымдарды цифрландырудың өзекті мәселелері;
  • тарихи деректерді талдауда цифрлық технологияларды пайдалану;
  • құқықтық зерттеулердегі жасанды интеллектінің рөлі мен мүмкіндіктері;
  • цифрлық этика және құқықтық реттеу мәселелері.

Баяндамашылар жасанды интеллектінің құқықтық талдау жүргізудегі, сот практикасын зерделеудегі және құқықтық шешімдер қабылдаудағы тиімділігін атап өтті. Сонымен қатар, тарих ғылымында үлкен деректерді өңдеу, цифрлық архивтерді пайдалану және тарихи процестерді модельдеу мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Өткізілген дөңгелек үстел гуманитарлық білімнің цифрлық трансформациясы жағдайында ғылымның дамуына оң ықпал ететін маңызды алаң болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz