Ағымдағы аптада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің салалық технологиялар институтының халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған алыс және жақын шетелдердің серіктестерімен бірқатар жұмыс кездесулері өтті.
Онлайн форматта Лозанна университетінің (Швейцария) өкілдерімен келіссөздер өтті. Кездесу барысында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, қос дипломды оқытуды енгізу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту перспективалары талқыланды. Тараптар ғылыми зерттеулерді интеграциялау және озық білім беру практикаларымен алмасу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Келіссөздерге қатысушылар ғылым мен білім беру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бағдарланған тұрақты әріптестікті қалыптастыруға өзара мүдделілігін атап өтті.
Сонымен қатар, Н. И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университетінің өкілдерімен бетпе-бет кездесу өтті. Диалог аясында екіжақты ғылыми және білім беру жобаларын дамыту бағыттары, сондай-ақ академиялық байланыстарды нығайту мәселелері қаралды.
Кездесулер қорытындысы бойынша бірлескен іс-шаралардың “Жол картасын” дайындаумен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Басым міндеттердің қатарында — халықаралық вебинарлар сериясын ұйымдастыру, желілік білім беру бағдарламаларын дамыту және халықаралық ғылыми гранттарға қатысуға өтінімдер дайындау.
Белгіленген бастамаларды іске асыру университеттің халықаралық беделін нығайтуға, академиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялауға ықпал етеді.


