2026 жылғы 08-сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Жастарға жұмыс» атты бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке Батыс Қазақстан ииновациялық технологиялық университетінің ұйымдастырумен Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтті.
Бос орындар жәрмеңкесінің басты мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ету, университетті тәмамдап жатқан бітіруші түлектерге жұмыс табуға және ұйымдарға қажетті кадрларды іріктеуге қолайлы мүмкіндік жасау. Шараға 32-тен мекеме жұмыс беруші мекеме қатысты. Шараға қатысқан жұмыс берушілердің ұсынылған жұмыс орын саны 500 астам болды. Олар мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындар жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрмеңкеге 150-ге жуық білім алушы түлектер, жұмыс іздеуші мамандар болды. Түлектер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, түйіндемелерін қалдыруға мүмкіндік алды. Қатысушы ұйымдар қатарында Зашаған кенті әкім аппараты, Мектепке дейінгі білім беру мекемелері, Екінші деңгейлі банктер, Психологиялық сауықтыру мекемелері, «ТЕХНОДОМ» ЖШС «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Полиция басқармасы», «Жұбан Молдағалиев атындағы қалалық кітапхана», «Орал қалалық Мансап орталығы», «Жастар орталығы», «Атамекен кәсіпкерлер палатасының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы» сияқты кәсіпорындар, «БҚО ШЖҚ Орал қаласының көпбейінді ауруханасы» «IT Kazakstan»ЖШС , «№ 17 ЖОББМ», «№ 26 ЖОББМ» және басқа да маңызды мекемелер болды.
Көптеген қатысушылар өздеріне лайықты жұмыс табуға мүмкіндік алып, кейбірі тікелей сұхбаттан кейін жұмысқа қабылданды.Атап айтатын болсақ «АВА БАЛАМА» орталығы Дене шынықтыру және спорт мамандығынан 2 түлекті, Психология білім беру бағдарламасы бойынша 1 түлекті жұмысқа қабылдауға келісім берді. Батыс Қазақстан облысы Полиция басқармасына 1 түлек психолог маман ретінде шақырту алды. Кәсіпорындар болашақ мамандармен байланыс орнатып, кадрлық резервін толықтыруға шақырды. Жұмыс беруші мекемелер шараға қатысып алғыс білдіріп кетті.





