Құрметті әріптестер!
2018 жылы 27-28 қарашасында өтетін «Қазақтың ұлттық коды – төл жазу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қазақ әліпбиін латын графикасына ауысуын зерттейтін шетелден, яғни Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Франция, Ресей Федерациясынан спикер-мүшелерді, Ұлттық комитет мүшесінен әліпбидің латын графикасына көшуін ұйымдастыруына жауапты Ұлттық эксперттердің шақырылуымен, Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет Министрлігінің өкілдерімен, сонымен қатар тілдерді дамыту сұрақтарын басқаратын аумақтық басқарманың өкілдерінің қатысуымен өткізеді.
Конференцияның негізгі мақсаты қазақ әліпбиінің латын графикасына ауысу жолдары мен мәселерін талқылау, мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуы туралы ғалымдардың пікір алмасуы болып табылады.
Конференция аясында пленарлық және секциялық отырыстардан басқа, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуіне байланысты маңызды тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер өткізу, осы саладағы жетекші мамандардың қоғамдық дәрістер оқуы, мемлекеттік қызметкерлер мен педагогикалық жұмысшыларға арналған мастер–класстар өткізу жоспарланған.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік тілдің жаһандану және цифрландыру ұсындағы дамуы;
- Әлемдік интеграцияға өту жолындағы латын графикасының маңызы;
- Түркі әлеміндегі латын әліпби үлгілері: жетістіктері және қайшылықтары;
- Латын негізді қазақ жазуы емле-ережелерінің көкейкесті мәселелері;
- Жаңа әліпбиге көшу – Қазақстанның ұлттық стратегиялық мақсаты
- Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу жолдары, тәжірибе мен мәселелері;
Латын графикасы негізінде мемлекеттік тіл әліпбиінің біріңғай стандартын енгізу мәселелері.