Ағымдағы жылдың 17 наурызында «Қылмыстық-атқару құқығы» пәнінің оқытушысы, полиция полковнигі Сағын Қадыржан Ерсайынұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне Орал қаласындағы №74 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде практикалық-бағдарланған оқу сабағын өткізді.

№74 мекеме уақытша ұстау изоляторы ретінде қызмет атқарады. Оқу бағдарламасына сәйкес, мұндай сабақтарды өткізу білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсінуді қалыптастыруға бағытталған практикалық-бағдарланған оқытудың бір түрі болып табылады.

Оқу барысында студенттер қылмыстық-атқару жүйесінің қызметімен, ұстау жағдайларымен, сондай-ақ изоляторда белгіленген тәртіп пен талаптармен танысты. Бұл білім алушыларға аталған мекемелердің жұмыс істеу ерекшеліктері туралы нақты түсінік алуға мүмкіндік берді.

Оқытудың негізгі мақсаты – нақты мысалдар негізінде құқық бұзушылықтардың салдарын түсіндіру арқылы студенттердің жауапкершілік сезімін қалыптастыру және құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алу болды. Студенттер мекеме қызметкерлерімен кездесіп, олардың кәсіби қызметінің ерекшеліктері мен күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау жағдайлары туралы ақпарат алды.

Осындай практикалық-бағдарланған оқу сабақтары студенттердің құқықтық санасының қалыптасуына елеулі әсер етіп, болашақта саналы шешімдер қабылдауға ықпал етеді, сондай-ақ олардың құқықтық мәдениетін нығайтып, қоғамдағы заң мен құқықтық тәртіптің рөлін терең түсінуге мүмкіндік береді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz