«Сәулет және құрылыс» кафедрасының білім алушылары «Есірткі, зорлық-зомбылық және олардың құқықтық салдары» тақырыбы аясында көрсетілген фильмді талқылау өткізді.
Жоба Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша орындалған. Фильмде зорлық зомбылық көріністері және сіздің денсаулығыңызға зиян келетін есірткі заттардың, темекі өнімдерінің, алкогольдік өнімдердің және зорлық-зомбылықтын көрінісі бар.
Фильмнің мақсаты – қоғамға, әсіресе жастарға есірткі заттарын қолданудың, зорлық-зомбылықтың, темекі мен алкоголь өнімдерін тұтынудың зиянын көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік салдарын түсіндіру. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі баптары бойынша (297-бап – есірткіге қатысты қылмыс, 108-бап, 106-бап – денсаулыққа зиян келтірумен байланысты құқық бұзушылықтар) сотталған кейіпкерлердің тағдыры арқылы заң бұзудың ауыр зардаптарын нақты мысалмен көрсету көзделген.
Яғни, фильмнің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және зиянды әрекеттерден сақтандыру.

