2026 жылдың 27 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының Прокуратурасы мен полиция басқармасы қызметкерлерінің студенттермен кездесуі өтті.
Шаранын мақсаты – студент жастар арасында есірткінің адам денсаулығы мен болашағына тигізетін зиянын түсіндіру және қоғамды зиянды әдеттерден арылту, сондай-ақ жастардың заңға деген құрметін қалыптастыру. Бұл бастама жастардың білім алуға, еңбекке құштарлығын арттырып, қауіпсіз әрі жарқын болашақ құруға бағытталған.
Шара барысында арнайы фильмдер көрсетілімі («Хулиганка», «Не книжные, закладчики») және ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері үйретілген иттердің көмегімен жасырылған есірткі заттарын тауп алу көрінісі өтті.
Қоғамның тыныштығы мен дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты. Заң – мемлекеттің қабылдаған, барлық азамат орындауға міндетті ережелер жүйесі. Ал тәртіп – сол заңдардың бұлжытпай орындалуы және әрбір адамның мінез-құлқының қоғам талабына сай болуы.
Шараға БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бағдат Аманжанұлы Түгелов., Батыс Қазақстан облысы прокурорының көмекшісі Серік Наурызғалиұлы Орынғалиев., Орал қаласы ПБ-ның Абай полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Аида Қазиевна Курманалиева .,
Орал қаласы ПБ-ның Абай полиция бөлімінің ҚҚБ УПИ полиция майоры Рафхат Шмидович Мусагалиев., ПД Есірткі құқық бұзушылықтары профилактикалық кеңес мүшесі Әсел Қажиахметқызы Мырзахметова., «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Аслан Мендыбаевич Малаев., БҚО бойынша «Есіртісіз Қазақстан» жобасының үйлестірушісі, волонтер Сымбат Талғатқызы Игизғали қатысты.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің комплаенс-офицері, тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абекешев Аянбек Иманбайұлы қорытындылап, студенттерге құқықтық жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетіне қатысты құнды кеңестер берді. Кездесу соңында студенттер құқықтық мәдениетті дамыту, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жеке жауапкершілік тақырыптарында сұрақтар қойып, мамандармен еркін пікір алмасты.
Сондай-ақ сол күні топ эдвайзерлері университеттің барлық ғимараттарында кураторлық сағаттар өткізіп, «Бұзақы», «Кітап емес» және «Закладчики» фильмдерін көрсетті. 2600-ден астам студент қамтылды.






