2025 жылғы 22 желтоқсаннан 2026 жылғы 13 қаңтарға дейін университет қабырғасында Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Білім беру процесінде ЖИ-дің практикалық қолданылуы» атты практикалық шеберлік сыныбы өткізілді. Оған сәулет және құрылыс кафедрасынан штаттағы 19 оқытушы қатысты. Іс-шара модераторы ретінде Цифрландыру және ақпараттық технологиялар басқармасының инженер-программисті Мысько Владимир Владимирович қызмет атқарып, сабақтардың практикалық бағытталуын қамтамасыз етті және оқытуға әдістемелік қолдау көрсетті. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру және озық технологияларды білім беру ортасына енгізу болды. Шеберлік сыныбында заманауи нейрожелімен жұмыс істеудің негізгі бағыттары егжей-тегжейлі қаралды: Бұл курста Nano banana, Gemini, Notebook программалардың мақала жасауға және презентация жасау кезіндегі тиімді жақтарын түсіндірді.

Өткізілген курс кафедра оқытушыларына заманауи және интерактивті оқу контентін жасауға қажетті өзекті дағдыларды игеруге мүмкіндік берді, бұл, сөзсіз, студенттерді оқытудың сапасы мен тиімділігін арттырады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz