Жоғары эмоционалдық жүктеме жағдайында педагог мамандығы ішкі тепе-теңдікті сақтауға ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы мақсатта Сапа апталығы аясында педагогика ғылымдарының магистрі, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Жумагулова Г.А. ұйымдастырған «Педагогтың эмоционалдық тепе-теңдігі: арт-терапия – стресске төзімділіктің ресурсы ретінде» тақырыбындағы семинар-тренинг өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – арт-терапиялық әдістерді қолдану арқылы педагогтардың стресске төзімділігін және эмоционалдық тұрақтылығын дамыту. Тренингтің практикалық бөлігі эмоцияларды білдіруге және түсінуге, жеке ресурстарды анықтауға, сондай-ақ ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіру жолдарын іздеуге бағытталған арт-терапиялық жаттығулардан тұрды. Семинар-тренингті ұйымдастыру барысында Canva, Mentimeter және Google Forms сияқты заманауи цифрлық құралдар пайдаланылды. Қатысушылардың пікірінше, тренингке қатысу өздерінің эмоционалдық жағдайына жаңаша көзқараспен қарауға, сондай-ақ өзін-өзі реттеу мен стрессті төмендетудің практикалық тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік берді. Педагогтар жылы атмосфераны, қызықты тапсырмаларды және арт-терапия мен цифрлық технологияларды ұштастырған заманауи форматты ерекше атап өтті. Іс-шара педагогтар үшін шабыт пен кәсіби дамудың көзіне айналып қана қоймай, өз эмоционалдық әл-ауқатына қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz