Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы Курмашева Алтын Тойшыбаевнаның ұйымдастыруымен «Білім берудегі цифрлық технологиялар – кадрларды кәсіби даярлау сапасын арттыру факторы ретінде» атты сапа апталығы барысында 10 қараша күні «Әдебиетті оқытудың цифрлық құралдары: интерактив, платформалар, жасанды интеллект» атты мастер-класс өткізілді. Мастер-кластың арнайы қонағы ретінде № 21 Жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Ғинаятова Гүлжан Азаматқызы шақырылды. Гүлжан Азаматқызы әдебиет пәнін оқытудың жаңа мүмкіндіктерімен таныстырып, заманауи цифрлық платформалардың тиімділігі туралы сөз қозғап, өз тәжірибесінен мысалдар келтірді. Әдеби шығармаларды оқытуда интерактивті тәсілдер, онлайн сервистер және жасанды интеллект құралдарын қолданудың артықшылықтарын көрсетіп, мұғалімдерге нақты әдістемелік ұсыныстар ұсынды.
Мастер-класс барысында ұсынылған озық тәжірибелер мен заманауи цифрлық құралдардың мүмкіндіктері студенттер үшін ерекше құнды болды. Шараға қатысқан болашақ филолог-педагогтер жаңа ақпараттарды тыңдап қана қоймай, өздерінің кәсіби дамуына қажетті маңызды бағыттарды айқындап, сабақ беру үдерісінде қолдануға болатын нақты әдіс-тәсілдерді меңгерді.
Бұл мастер-класс мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, екі тараптың тәжірибе алмасуын нығайтатын маңызды көпіріне айналды. Шара жас мамандардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыруға тың серпін берді.


