2025 жылғы 10 қарашада «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына сүйене отырып, өзара қызығушылық тудыратын салаларда жоғары білікті мамандарды даярлау тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың мақсаты – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері мен магистранттарында мансаптық дағдыларды қалыптастыру, білім алушылардың практикадан және тағылымдамадан өтуіне, жұмысқа орналасуына қолдау көрсету, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, кеңес беру және озық педагогикалық тәжірибелерді  тарату болып табылады.

Меморандумға қол қоюға «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ басшысы А.З.Кайржанова, «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» ЖМЖКББМ ректоры Б.Т.Шакешев,  Бірінші және оқу-әдістемелік  жұмыс жөніндегі проректордың м.а. С.А.Машанова, Білім және менеджмент институтының  директоры А.С.Тасмагамбетов және кафедра меңгерушілері, бөлім басшылары қатысты.

Бұл шара өзара ынтымақтастықты кеңейтуге, жоғары білікті мамандарды даярлау тиімділігін арттыруға және білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша бірлескен шешімдер қабылдауға ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz