«Сапа апталығы-2025» әдістемелік апталығы аясында «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.м. Абекешев А.И. 2025 жылдың 10-қарашасында «Экология, өмір қауіпсіздігі және тұрақты даму негіздері» пәні («Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму модулі) бойынша 1 курс студенттеріне «Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты урбанизацияланған аумақтарды дамыту» тақырыбында семинар формасындағы ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ барысында білім алушылар «Жасыл технологияларды енгізу», «Қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану», «Қалдықтарды қайта өңдеу және сұрыптау» тақырыптарында слайдттар мен видеороликтер көрсетіп, топтық постерлер қорғап, топтық бағалау жұмыстарын жүзеге асырды. Сабақтың соңында студенттердің Kahoot-платформасы арқылы дайындаған жұмыстарына баға беріліп, оқытушының қорытынды сөзімен аяқталды.

