2025 жылғы 20-қазанда Батыс Қазақстан инновациалық-технологиялық университеті мен «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты — статистикалық білім беру, ғылыми зерттеулер мен талдау саласында әріптестік қатынастарды дамыту. Құжат тәжірибе алмасуды, бірлескен зерттеулерді жүргізуді, ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыруды және студенттерді жобалық және зерттеу жұмыстарына тартуды көздейді.
БҚИТУ ректоры Б.Т.Шакешев бұл меморандум университет пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтып, білікті мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Аталған құжат кадрлық әлеуетті дамытуға және түрлі саладағы статистикалық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестіктің негізі болмақ.