Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Білім және менеджмент институтында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Батыс Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің қызметкерлері аталған университет студенттерімен кездесті.

Кездесу келесі басты тақырыптарға арналды:

Студенттердің құқықтық сауаттылығын және олардың заңнамадан хабардарлығын арттыру;

Жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу, оның ішінде алаяқтық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл;

-Азаматтардың құқықтарын қорғаудағы және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасаудағы прокуратураның рөлі;

Студенттер кеш қонақтарына еңбек құқықтарына, киберқауіпсіздікке және басқа да тақырыптарға қатысты жеке және өзекті сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Департаменттің аға прокуроры, 1-ші сынып заңгері Салиха Ырсайынқызы Құрбанбаева мұндай кездесулердің құқық қорғау органдары мен жастар арасында сенім орнатудағы маңызды қадам екендігін, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымдары орган қызметкерлеріне қоғам игілігі үшін тиімді қызмет атқаруға септесетіндігін атап өтті.

Департамент прокурорлары, 3-ші сынып заңгері Дарбаева Дана Мағауқызы мен 2-ші сынып заңгері Серікқазы Ғасыр Айдынұлы, соныен қатар, қазіргі таңда ел азаматтарына қарсы белсенді қолданылып отырған киберқылмыстар туралы баяндап өтті.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жастардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz