Жоғары оқу орнының тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі – университет қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін көрсететін ең бастысы жақсы контингент құру. Қазіргі жағдайда білім беру қызметтері нарығындағы позицияларды нығайту үшін университеттерге мықты имидж қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар жан-жақты кәсіби бағдарлау жұмысының стратегиясын құру қажет.

2025 жылғы 8-12 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің салалық технологиялар институтында 1 курс студенттеріне сауалнама жүргізілді, сауалнама оқуға түсу географиясын талдауға, сондай-ақ ЖОО туралы ақпараттың неғұрлым тиімді көздерін анықтауға бағытталған.

Сауалнамаға 353 білім алушы қатысты. Сауалнама нәтижелері бойынша 2025-2026 оқу жылына БҚО бойынша түскен талапкерлер саны-30,7%, Орал қаласынан-41,5%, 9,7% – Атырау облысынан, 10% – Маңғыстау облысынан, 6,6% – Ақтөбе облысынан, 1,5% – Алматы, Қызылорда, Қарағанды облыстарынан және Башқұртстан Республикасынаң, Ресей Федерациясының Самара, Саратов, Волгоград облыстары мектептерінің түлектері.

Сауалнаманы талдау нәтижелері бойынша университет туралы негізгі ақпарат көздері достар, таныстар, ата-аналар (26,7%), әлеуметтік желілер (15,3%), мектеп (22,7%), университет сайты (2,8%), институттың Ашық есік күні (17,9%) және басқада ақпарат көздері (14,6%) екені анықталды.

Алынған деректер кәсіптік бағдар беру және ақпараттық жұмысты одан әрі жетілдіру үшін негіз болады, сондай-ақ БҚИТУ білім беру бағдарламаларын болашақ талапкерлер үшін одан да қолжетімді және тартымды етуге көмектеседі.

Университетті таңдау критерийлеріне жүргізілген талдау университеттің тартымдылығының негізгі факторларын анықтауға, талапкерлердің көзқарасын нығайтуға және коммуникациялық саясатқа түзетулер енгізуге көмектеседі. Бұл өз кезегінде оң имиджді қалыптастыруға және мақсатты

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz