19 қыркүйекте, «World Cleanup Day» — Дүниежүзілік тазалық күні аясында және «Аманат» партиясының қолдауымен, Салалық технологиялары институтының (СТИ) «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының 3-курс студенттері мен оқытушылары бірлесе санитарлық сенбілікке белсене қатысты. Іс-шара Омега маңындағы аумақта өтті.
Сенбілік байқау форматында, көңілді әрі достық атмосферада ұйымдастырылып, қатты музыка қосылды. Акция соңында ең көп қоқыс жинаған жеңімпаздарға кубок пен сыйлықтар табыс етілді. Қатысушылардың бірлескен күш-жігерінің арқасында территория айтарлықтай таза болды, ал бұл мереке барлығын экологиялық сананы арттыруға және табиғатты қорғауға ынталандырды.