2025 жылғы 7 сәуірде НД-32 тобының студенті, Мұнай және газ инженериясы кафедрасының өкілі Саят Алимов (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Калешева Г.Е.) Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде онлайн форматта өткен «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» бағыты бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.

Олимпиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген болашақ инженерлер жиналды. Жоғары бәсекелестік жағдайында Саят Алимов өз университетін лайықты таныстырып, терең білімін, кәсіби дайындығын және күрделі инженерлік есептерді шешудегі сенімділігін көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Саят 3-орын иеленіп, мұнай және газ инженериясы кафедрасы студенттерінің жоғары деңгейде дайындалғанын дәлелдеді.

Республикалық олимпиададағы бұл жетістік — Саяттың мықты білімінің және ғылыми жетекшісінің қолдауының нәтижесі.

Кафедра және университет басшылығы Саят Алимов пен оның ғылыми жетекшісі Г.Е. Калешеваны шын жүректен құттықтап, оқуында, ғылымда және кәсіби жолында толағай табыстар тілейді!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz