2017 жылдың 29 желтоқсанында жаңа жыл мерекесіне орай студенттерге мерекелік кеш өткізілді. Шараны факультетіміздің студенттері Кеңес Саид, Ситников Михаил жүргізді. Кеш барысында студенттер көптеген мерекелік әндер орындады және факультетіміздің «Street Crew» би тобы заманауи билер топтамасын көрсетіп, жақында құрылған факультетіміздің «Евразия» жайдарман тобы өз ойынын көрсетті. Шараның өтуі барысында студенттер арасында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, бағалы сыйлық сертификаттары ойнатылды. Кеш соңында факультетіміздің студенті Абдрешов Мұраттың авторлық композицияларынан құрылған топтамасы қосылып, студенттердің би кешіне ұласты.









