2017 жылы 18 желтоқсан күні «Нұр Отан» акт залында Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Ақжайық КВН Лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық Жайдарман ойындарының Батыс Қазақстан облысы Жоғарғы лига чемпионатының финалдық додасында Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің педагогика факультетінің «Жаңа толқын» жайдарман тобы І-орынға ие болды.
Студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз.
