2024 жылғы 12-желтоқсанда БҚИТУ-дың 2024-2025 оқу жылына арналған семинарларын өткізу кестесіне сәйкес “Ә.Н.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі” КММ базасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 4 курс студенттері мен мектептің жас мұғалімдері арасында “QAZAQSHA QUIZ” зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналды.

Зияткерлік ойынның мақсаты – университет пен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту, зияткерлік қабілеттер мен командалық рухты дамыту. Ойын қарым-қатынас пен ынтымақтастықты, командада жұмыс істей білуді ынталандырады.

Ойынға университет атынан 4 курс студенттері – Қуаншалиев Еділ, Мақсат Әнуарбек (Тарих ББ), Жұмабекова Айна, Теміржанұлы Ерназ (Дене шынықтыру және спорт ББ), Нугманова Әсемхан, Қалнияз Дильназ (Қазақ тілі мен әдебиеті ББ) қатысты.

Ойын барысында командалар жоғары эрудиция, тамаша білім мен ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін көрсете алды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz