2024 ж 15-қараша күні Білім және менеджмент институтының Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Аманбаева Зәуре Жиеналиқызы «The importance of critical thinking skills in Аcademic Studies» тақырыбына мастер-класс өткізді. Мастер-класс барысында Зәуре Жиеналиқызы өз тәжірибесі мен кеңестерімен бөлісті. Шеберлік сыныбы 3-4 курс студенттері мен жас оқытушылар үшін өткізілді. Ашық семинар барысында жоғары курс студенттері академиялық эссе жазуда өз ойларын жазбаша баяндаудағы кейбір қиындықтар туралы өз пікірлерімен бөлісті. Студенттер сыни ойлаудың 5 элементін пайдаланған практикалық мысалдарын талдады; сондай-ақ иллюстрациядағы көрсеткіштердің негізгі өзгерістеріне талдау жасап, деректерді күрделі лексикалық және грамматикалық құрылымдарды пайдалана отырып салыстырды. Өткізілген мастер-класстың мақсатына қол жеткізілді. Мастер-класс нәтижесінде, қойылған мақсаттармен қатар, әр қатысушы кері байланыс арқылы өзін-өзі тану мен өзін-өзі түсінудің жаңа тәжірибесіне ие болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz