Дүниежүзілік Сапа апталығы аясында 2024 жылдың 11-15 қараша аралығында университетте оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында «Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі – кәсіби педагогикалық іс әрекет» тақырыбындағы «Сапа апталығы – 2024» өтті.
Әдістемелік апталықтың міндеттері:
– университетте әдістемелік жұмысты жандандыру;
– оқытушылардың шығармашылық қызметін дамыту;
– білім беру процесінде тиімді заманауи педагогикалық технологияларды қолдану.
Сапа апталығы аясында озық педагогикалық идеялар мен әзірлемелермен алмасуға бағытталған мастер-класстар, тәжірибеге бағдарланған семинарлар, қонақ дәрістері, кездесулер, дөңгелек үстелдер, тренингтер, ашық дәрістер өткізілді.
Әдістемелік апта білім алушыларға, оқытушыларға көптеген жарқын әсер қалдырды және білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етті.
Сапа апталығының қорытындысы бойынша университет әкімшілігі белсенді қатысқан барлық оқытушылар мен қонақтарға алғыс хаттар табыс етті.









