2024 жылдың 14 қарашада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің археологиялық мұражайында «Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі» атты Сапа апталығы аясында «Тарих және құқық» кафедрасының қауымдастырылған пофессоры М.Д.Калменов 3 курс студенттеріне «Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуірдегі тайпалық одақтар» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Музейдегі археологиялық жәдігерлер негізінде студенттер сақ-сармат дәуірінің материалдық мәдениетімен танысты.
