2017 жылдың 27 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің Гуманитарлық заңтану факультетінде Тұнғыш Президент күніне арналған «Брейн Ринг» интеллектуалдық ойыны өтті.
Шараның басты мақсаты: жастардың ойлау қабілетін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, қоғамдық жұмыстарға араласуға белсендіктерін арттыру.
«Брейн-Ринг»-бұл Не? Қайда? Қашан?ойынының шағын концепциясы болып табылады. Жалпы ойынға 4 команда қатысты «Әділет», «Алаш» «SmartJastar», «Qazaq». Әрбір команда студенттері ойынның шарттарына қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Ойын ережесі бойынша командадағы 4 ойыншы өздерінің ойлау қабілетіне қарай қойылған сұрақтарға 20 секунд ішінде ойланып, дұрыс жауабын табу қажет. Жалпы ойын барысында барлығы 90 сұрақ қойылды. Кейбір сұрақтар команда ойыншылары үшін жеңіл болса, кейбір сұрақтар күрделә болып шешімін жобалап болса таппады.
Ойын нәтижесі бойынша 1-орынды (Тілдер және менеджмент факультетінің) студенттерінен құралған «SmartJastar» командасы жеңіп алды. 2-орынды (Гуманитарлық-заңтану факультетінің) атынан бақ сынаған «Әділет» командасы, ал 3-орынды (Педагогикалық факультетінің) намысын қорғаған «Алаш» командасы иеленді және де (Инженерлік-технологиялық факультетінің) «Qazaq» командасы ойынға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Жалпы ойын жоғары деңгейде өтті. Студенттер жоғары қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті.


