Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тілдер және менджмент факультетінің ғылыми кітапханасы «Білімге құштарлық» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрме келесі үш айдарға бөлініп тақырыпты қамтитын нақты материалдар қойылды:
- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жаңғырған Қазақстанның жарқын бағдары.
- «Ақ Жайық өнердің ордасы»
- «Жаңа әдебиеттер» .
Кітапхана меңгерушісі С.Ж.Нурлиева «Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана» бағдарламасын оқырмандарға таныстырып өтті. «М. Горький атындағы Орал қалалық кітапхананың» кітапханашысы З.А.Хайрекенова Орал өңірінің тарихы туралы оқырмандарға баяндап берді.
Көрмеге тілдер және менджмент факультетінің деканы Ж.Ж.Жумаев және оқытушыларымен студенттері қатысты.



