2024 жылдың 10 қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Петр атындағы антропология, этнография (кунсткамера) музейінің ғылыми аға қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Стасевич Инга Владимировна дәріс оқыды.

Инга Владимировна өз дәрісінде Санкт-Петербург кунсткамерасындағы қазақ жинағының қалыптасу тарихына талдау жасады. Музей аясында өтіп жатқан қазақ тарихына қатысты ғылыми ізденістер туралы баяндады.

Дәріске университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.  Дәріс тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырып, олар өздерінің көптеген сұрақтарына жан-жақты жауап алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz