2024 жылдың 10-мамырында университетіміздің «Педагогика және психология» және «Қоғамдық пәндер және жаратылыстану» кафедраларының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс мерекесіне орай тыл ардагерлерінің бүгінгі ұрпақ үшін жасаған ерлігі мен еңбегіне тағзым ету мақсатында тыл ардагері, педагогика ғылымдарының кандидаты Ахметов Мереке Ғұсманұлымен кездесу өтті. 

Мереке Ғұсманұлы – ұзақ жылғы ұстаздық еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» (1970ж), «Еңбек ардагері» (1987 ж.) медальдарының иегері, өңірімізге танымал ғалым, ұстаз, сұрапыл жылдар қиындығын басынан өткерген тыл ардагері. Кездесу барысында иститут директоры Ә.С.Тасмағамбетов соғыста жеңіске жетуде тыл еңбеккерлерінің рөлі жоғары екендігін атап өтті. «Педгогика және психология»  кафедрасы меңгерушісі Р.С.Кинжекова соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытқан тыл ардагеріне алғыс  білдірді. Ф.ғ.к., қауымдастырылғн профессор А.И.Мамыров кездесуге қатысушаларды Мереке Ғұсыманұлының өмір жолының әр сатысын еліміздің даму кезеңдерімен байланыстыра отырып таныстырды. Шараға қатысушалар тыл ардагерінің естелік әңгімелерін тыңдап, сұрақтар қойды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz