2024 жылдың 26 сәуір күні Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық университетінің профессоры, философия ғылымының докторы Тілекжан Хасенұлы Рыскалиевпен Cалалық технологиялар институтінің 1-курс студенттеріне «Абай философиясы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Ғалым Абай жолы, ілімі, дүниетанымы, философиясы жайында сыр шертті. Абайдың «Адам бол» идеясын білім алушыларға тереңірек ашып көрсетті. «Философ пен ойшылдың арасында шек қою ақылға сыймайды, өйткені , философия дегеннің өзі – ойлау өнері, ал ойшыл қай кезде де белгілі бір философияны жүзеге асырады. Айырмашылығы – кәсіби философтар ғылымды бетке ұстайды, ақылға жүгінеді, сыртқы дүниеге, обьектілерге баса көңіл бөледі, ал ойшылдар адам мен болады, адамға жақын болу үшін өмірге көбірек көңіл бөледі, сезімге, эмоцияға жүгінеді, өнерге, әдебиетке, дінге арқа сүйейді»- деп ойын тұжырымдады ғалым.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz