2024 жылдың 24 ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Ажгалиева Алина Польшаның Гданск қаласында өткен шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Халықаралық жарыста 1500 метр қашықтықтың финалына шығып, мәртебелі марапатқа ие болды. Бұл қазақстандық шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында қол жеткізген тұңғыш жүлдесі. Бұл дистанцияда Венгрия спортшысы Майя Дора Сомади чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді. Алина бұған дейін де көптеген спорттық бәсекелерде топ жарып, жеңіске жетіп тұр. Қазір Алина халықаралық шорт-трек сайыстарының келесі кезеңдеріне дайындықты жалғастыруда.

 Университет ұжымы Алинаны жеңісімен құттықтап, алдағы спорттық додаларда биіктіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдіреді!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz