Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті инженерлік-технологиялық факультетінің Мустафиев Р., Соболев Н., Исмаилов А., Курмашева К., Умбеткалиева Г. (БЖД-12), Мыржикова А., Кажгалиева Р. (ЭКЛ-21) топ студенттері жоғарғы оқу орнының насихаттауымен оқу және өндірістік практиканы Ю.А. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің «Политехник» спорттық-сауықтыру лагерінде (ССЛ) жіберілді.
Практика аясында студенттер «Инновации в экомониторинге рек России» Бүкілресейлік ғылыми жас ғалымдар мектебіне қатысты. Бүкілресейлік ғылыми жас ғалымдардың мектебінде Ю.А. Гагарин атындағы СМТУ экология кафедрасының студенттері мен аспиранттары, сонымен қатар Санкт-Петербург өндірістік технологиялар және дизайн мемлекеттік университеті, Ульянов мемлекеттік университеті, Пенза мемлекеттік технологиялық университеті, Мәскеу қаласының Жерге орналастыру мемлекеттік университеті қатысты.
Бағдарлама аясында Экология кафедрасының доценті Беляченко Сергей, Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің биология факультетінің профессоры Аникин Василий су экожүйесінің алуантүрлілігін бағалау бойынша мастер-кластар жүргізді.
Әр қатысушы өздеріне берілген ғылыми зерттеу жобасы бойынша қазіргі заманғы құралдарымен, судың және түбіндегі шөгінділер үлгісін алудың мобильді зертханасы, судың сапасын бағалауын химиялық-аналитикалық экспресс әдіспен және т.б. қолданды. Сонымен қатар Экология кафедрасының профессоры Бобырев Сергей жетекшілігімен су объектілерінің экологиялық мониторингін жүргізу үшін MatLab бағдарламасын қолдануды жас ғалымдар меңгерілді.
Студенттер бос уақытында ойын-сауық бағдарламаларға «Мистер Политехник – 2017», «Мисс Политехник – 2017», спорттық ойындарға қатысты.
Сапар барысында студенттер жақсы әсермен, сонымен қатар мақтау қағаздарымен және сертификаттармен, жаңа ашуларға дайын көзқарастарымен шабытпен қайтты.


