21.02.2024 күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қайта даярлау, біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастырумен “Күміс университетінің тыңдаушыларына арналған “Нутрициология негіздері және арт-терапия әдістері” курсының Нутрициологияның теориялық негіздері” тақырыбындағы бірінші сабағы өтті. Бұл –  Күміс университеті аясында өткізіліп отырған алғашқы курстардың бірі.  Аталған курсқа 60 жастан асқан тыңдаушылар қатысты.  Сабақты педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Жумагулова Г.А. өткізді. Курстың мақсаты арт-терапия әдістерін қолдана отырып, егде жастағы адамдарда дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Алғашқы сабақта  “нутрициология”, “дұрыс тамақтану”, “тамақтану тәртібі” ұғымдарын анықтау сияқты мәселелер қаралды. Сондай-ақ, тыңдаушылармен жұмыста “метафоралық шарлар”, кескіндеме терапиясынан жаттығулар, мандалотерапия сияқты арт-терапиялық әдіс-тәсілдер қолданылды. Топтық жұмыс барысында тыңдаушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнап, олар өздерінің тағамға деген қалауы, дұрыс тамақтану мәселесіне деген көзқарасы туралы ойларын ашық айтты. Соңында рефлексия өткізілді, үлестірмелі парақшалар арқылы тыңдаушылар кері байланыс беріп, өткен тақырып бойынша пікірлерін айтып, алғыс білдірді. Курстың жалғасы бар. Қызығушылық танытқандарды курстың келесі сабақтарына шақырамыз.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz