Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 09.01.2024 жылғы №5/25 бұйрығына сәйкес 7М09101 «Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламасының күндізгі оқу бөлімінің 2 курс МВМН-21 тобының магистранттары 22.01.2024ж.-12.04.2024ж. аралығында «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринарлық стансасы» филиалында зерттеу практикасын өтіп жатыр. Зерттеу практикасының негізгі мақсаты: теориялық білімді бекіту, зерттелген пәндер бойынша практикалық дағдыларды игеру, кәсіптік және ғылыми-зерттеу дағдыларына үйрету, ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиясын және ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесін игеру болып табылады. Практикадан өту кезінде зертханаға түскен сынамалар мен патологиялық материалдарды әр түрлі серологиялық, вирусологиялық және бактериологиялық әдістермен зерттейді. Сондай-ақ, практика барысында магистранттар магистрлік диссертациялар үшін эксперименттік деректерді жинаумен айналысады, алған теориялық білімдерін бекітеді және оларды тәжірибеде сәтті қолданады.