2017 жылдың 15 сәір күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ректордың бастамасымен оқытушылар құрамы, куратор-эдвайзерлер студенттерімен бірге Қазақ драма театрына Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының гастрольдік қойылымына барды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, театрдың көркемдік жетекшісі Сәбит Әбдіхалықов Ш.Айтматовтың шығармасына қойылған «Қызыл орамалды шынарым» атты екі бөлімді драмасын көрерменге ұсынды. Бұл шығарманың қайта сахналануына Қазақстан Республикасының халық әртісі, режиссер Талғат Теменов ықпал етті.
Драманың пайда болғанына жарты ғасыр өтсе де өзінің құндылығын жоғалтқан емес. Лирикалық драмада махаббат пен жастық, сұлулық пен нәзіктік, мейрімділік пен адалдық, сенім мен сезім тамаша баяндалды.
Көрерменді өнермен сусындату, олардың ішкі дүниесін байыту бірден-бір қажеттілік.


