Казань қаласындағы Поволжье дене шынықтыру, спорт және туризм университетінде 2023 жылғы 22-желтоқсанда дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулардың теориясы мен әдістемесіндегі заманауи тенденцияларға арналған халықаралық студенттік бейнеконференция өтті. Конференцияны Поволжье университетінің волейбол және баскетбол теориясы мен әдістемесі кафедрасы және Т.Г. Шевченко атындағы Приднестровье мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт факультеті ұйымдастырды. 

Конференцияға Т.Г. Шевченко атындағы  Приднестровье мемлекеттік университеті, Белгород мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті және Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университетінің студенттері, магистранттары мен аспиранттары қатысты. Біздің университеттен 7М01401 – «Дене шынықтыру және спорт» ББ магистранттары Жасқайратов Асхат және Днишев Думан, 6В01401-«Дене шынықтыру және спорт» ББ студенттері Бутпаева Ева, Бакесов Сәлімжан және Айтасова Сара баяндама жасады.  

Баяндамалардың тақырыбы дене шынықтыру мен спорттың әртүрлі аспектілерін қамтыды. Қатысушылардың баяндамалары қызығушылық тудырып, конференцияға қатысқан студенттер мен оқытушылар тарапынан көптеген сұрақтар туындады. Бейнеконференция қорытындысы бойынша болашақта ғылыми іс-шараны өткізу форматын кеңейту және конференция материалдарын РИНЦ-те жариялауға және орналастыруға дайындау туралы шешім қабылданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz