2023 жылдың 13 желтоқсанда мұнай-газ инженериясы кафедрасының эдвайзерлері: Г. Е. Калешева, Д. Д.Серікова, Т. Н. Утеева білім беру бағдарламасы бойынша 6В07201 – Мұнай-газ ісі мамандығының білім алушыларымен бірге Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан Орталық әмбебап ғылыми кітапханасына 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс- шараға барды.
Іс-шараға бірнеше жыл бойы осы кітапхананың тұрақты оқырмандары болған Орал қаласының отбасылары қатысты (Сұлтанғалиева, Гумарова және т.б.). Қатысушылар желтоқсанға байланысты сөз сөйлеп, өлең оқып, ән айтып, домбырада күй шертті. Іс-шара ғылыми-танымдық сипатта болды, студенттерге өте жықсы ұнап керемет көңіл күйде шықты. Іс-шара соңында кітапхана директорының орынбасары сөз сөйлеп, алғыс хаттар табыстады. Ұйымдастырушыларға және де іс-шараға қатысушыларға біздің қалалық кітапхананың өркендеуі үщін алғыс білдіреміз.

