07.12.23 ж. «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасында Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына орай ИЯ-111, 211, ПД-111 топ студенттері арасында «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара мақсаты – Тәуелсіздіктің 32-жылдық мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастыру арқылы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының маңызы жайлы, аталарымыз аңсаған тәуелсіздігіміздің мазмұнының тереңдігінен сыр шерту, білім алушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін, өнерін дамыту, өз елінің тарихын білуге, Отанын сүюге, ұлтаралық достыққа, ерлікке баулу, патриоттық тәрбие беру.
Топ эдвайзері п.ғ.м, Ақмаржан Асқарқызы, студенттер мен ұстаздарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өз лебізін білдірді. Дөңгелек үстелде 2 курс студенттері Дарбай Ақтоты мен Боранбаева Толғанай дайындаған «Тәуелсіз Қазақстан» презентациясы көрсетіліп, 1 курс студенттері Ұзақбай Айкөркем, Азенқабыл Мадина Тәуелсіздікке байланысты өлеңдерін оқыды. Білімдерін сынауға ойын түрінде берілген сұрақ жауап айдарында Әлдешова Ақжарқын мен Ерғалиева Сақыпжамал ҚР Тәуелсіздігіне байланысты сұрақтар қойып, сергіту сәтін өткізді. «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында видеороликтер ұсынылды. Дебат барысында Кайрканова Акмарал мен Әлдешова Ақжарқын өз ойларын ашық жеткізу барысында көзге түсті. Дөңгелек үстелімізді қорытындылай келе, белсенді қатысқан студенттерімізді топ эдвайзері Ақбөбек Ризабекқызы алғыс хатпен марапаттады.


