БҚИТУ құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы 2023 жылдың 16-18 қараша аралығында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан құқық қолдану практикасын және Қазақстан Республикасы экологиялық кодексі нормаларының ғылыми-теориялық негіздемесін оңтайландыруға бағытталған біліктілікті арттыру курсынан өтті. Семинар бағдарламасы өндіріс қалдықтарын басқарудың, қоршаған ортаға эмиссияны құқықтық реттеудің, экологиялық бақылаудың, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың және шаруашылық жүргізуші субъектілерді экологиялық заңнама нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудың құқықтық режимінің проблемалық мәселелерін қамтыды.
Семинар дәріскерлері ретінде экологиялық бақылау, құқықтық қамтамасыз ету сарапшылары, қалдықтарды басқару және метрологиялық-талдамалық бақылау мемлекеттік саясат департаменттерінің басшылары тағайындалды.
Семинар қорытындысы бойынша кафедра оқытушылары тиісті куәліктер алды.