Желтоқсан айының 6-шы жұлдызы күні салалық технологиялар институтында жыл сайынғы 1-курс студенттері арасындағы олимпиада өтті. Аталмыш олимпиада 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды. Сайыста қазақ және орыс топтары мамандықтары бойынша төрт топтан құралған, жиырма студент бақ сынады. 6 кезеңнен тұратын (үй тапсырмасы, еркін тақырып, шешендік өнер, қара жәшік, капитан сайысы – полиглот, блиц) олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды сәулет пен автоматтандыру және басқару (АРХ-11 тобы) мамандығынан құралған “Алаш” тобы, екінші орынды сәулет (АРХ-12 тобы) мамандығының “Сәулетші” командасы иеленді. Ал, үшінші орынды ветеринария (орыс тобы) мамандығынан құралған “Қызыл орден”, сәулет және автоматтандыру және басқару (АРХ-13, АУ-11 топтар) мамандықтарынан құралған “Желтоқсан” тобы үшінші орынды бөлісіп алды. Барша жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!


