08.12.2023 ж. күні 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасының ЮР-21,23 топтарына 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «16 Желтоқсан – Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан)» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаттың мақсаты еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Білім алушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеудің тарихи алғышарттары туралы презентация дайындалып, студенттермен осы тақырыпты талқылай отырып, желтоқсан оқиғасына арналған фильмдер көрсетілді.
Шараны қорытындылай келе топ кураторы А.Ж. тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болуын тілеп, барша ат салысқан студенттерге өз алғысын білдіріп шараны аяқтады.


