2023 жылғы 29-қарашада “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары Шналиева Майя және Осипова Мария магистранттар мен студенттерге арналған «Психо-остеопрактика адамның жаны мен тәнін емдеудегі инновациялық әдіс ретінде тақырыбында семинар өткізді. 

Семинардың мақсаты: тыңдаушыларды жаңа бағыт – остеопрактикамен, оны қолдану саласымен психотерапия элементтерімен таныстыру; психо-остеопрактика әдісін практикалық қызметке енгізу тәжірибесін тарату. Семинар барысында психосоматика мен остеопатияны түсінігі, пайда болу тарихы мен негізгі тәсілдері, эмоциялардың денсаулыққа әсері, остеопат пен психологтың ынтымақтастығы, сонымен қатар остеопатия, медицина және психологияның бірлескен тәжірибелері арқылы аурулардың пайда болуы және емдеу мәселелері талқыланды. Кафедра оқытушылары мен студенттері, магистранттары семинар мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz