29.11.2023 ж. 6В07302- «Құрылыс» БББ бойынша «Құрылыс» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесінің жетекшісі Б.Н. Аманова «Құрылыстағы заманауи ақпараттық технологиялар мен инновациялар, олардың даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты: құрылыс саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар бойынша ақпарат алмасу; құрылыс саласындағы инновациялық технологиялар мәселелерін, даму перспективаларын және оларды шешудің мүмкін жолдарын талқылау; студенттерді ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке тарту; студенттердің жарияланымдық сауаттылығы мен белсенділігін арттыру.
Т.ғ.к., ассоц. профессор, «Сәулет және құрылыс» кафедрасынын меңгерушісы К.А. Нариков іс-шара барысында сөз сөйледі. «Құрылыс» студенттік ғылыми-зерттеу үйірмесінің мүшелері баяндамалардың өзекті тақырыптарымен сөз сөйледі; Қазақстандағы инновациялық құрылыс технологияларын дамыту мәселелері мен перспективаларын талқыланды.