2023 жылдың 23 қарашасы күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 25 жылдығына арналған шаралар аясында «Қазақстанның батыс аймағындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Шара университет ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Т.Шакешевтың құттықтау сөзімен ашылды. Ректордың құттықтауынан кейін университеттің «дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының түлектері туралы «Топ жарған түлектер. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің спорт жұлдыздары» атты бейнеролик көрсетілді. Дөңгелек үстел барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушыларымен бірге Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жаһанша Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары баяндамалар оқып, жарыссөзге қатысты. Дөңгелек үстелде Батыс Қазақстан аймағындағы спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктері, дене шынықтыру және спорт түрлері бойынша жаттықтырушылардың мәселелері, дене тәрбиесі мен спорттағы ғылыми зерттеулердің қажеттілігі, жас ерекшеліктеріне байланысты спорттық дайындықтағы мәселелер талқыланды.

Жиынға қатысқан Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Аралбаев Алпысбай Сейітқалиұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Б.Т.Шакешевке Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлының құттықтау хаты мен бағалы сыйлығын табыс етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz