2023 жылдың 27 қарашасында  Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Г.М.Умбетова  6В01201 -«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»  білім беру бағдарламасының филиалдарымен ынтымақтастық аясында  № 10 «Балалапан»  бөбекжайының тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған  «Балаларды мектепке дайындаудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. 

Семинар барысында балаларды мектепке дайындаудың психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық және интеллектуалды бағыттары таныстырылып, баланың мектепке дайындығын анықтауға арналған диагностикалық әдістер ұсынылды. Тәрбиешілер мен әдіскерлер семинарға белсенді және қызығушылықпен қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz