2023 жылдың 15 қараша күні “Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі” кафедрасының ұйымдастыруымен «Құжаттарды цифрландыру арқылы кітапханада ақпарат беру жолдары» атты семинар өткізілді. Алғашқы болып сөз алған институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Тасмағамбетов Әсет Сембайұлы цифрландыру өркениетті ел болуымыз үшін қажет екеніне тоқталды.

Шараға қатысқан Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиограф маманы Даулекенова Айнаш Өтешқалиқызы, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету және ақпараттандыру бөлімінің басшысы,  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің  филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушысы Кульчукова Ақмарал Кеңесқызы, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының әдіскері Быков Сергей Сергеевич, аталмыш кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету және ақпараттандыру бөлімінің маманы Байрамғалиева Арина Ержанқызы, Зағип және көру қабілеті нашар азаматтарға арналған кітапхананың дыбысты кітапты өндіру бөлімінің басшысы Қажғалиева Гүлбану Маратқызы құжаттарды цифрландыру арқылы кітапханалардың жаңа келбетін қалыптастыру бойынша тың ойларымен бөлісті.

Семинарды “Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі” кафедрасының аға оқытушысы Утешева Звайда Бисенқызы жүргізді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz