Сапа апталығы аясында 7-қарашада «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. А.Б. Қайыровтың «ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімінің тарихы» пәнінен КЯЛ-311 тобына «Телжан Шонанов қазақ жазуы мен әліпбиі мәселесі туралы» тақырыбындағы дәріс сабағы өткізілді. Дәріс барысында араб, латын әліпбилері туралы қызықты да тың деректер, жаңа ақпараттар айтылды.

9-қарашада «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, қызмет көрсету саласының ғылым магистрі А.С.Абуованың «Балалар шығармашылығын ұйымдастыру әдістемесі» пәнінен «Мәдени тынығу жұмысы» білім бағдарламасының 3–курс білім алушыларымен «Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру» тақырыбындағы дәріс сабағы өткізілді. Сабақта балалардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуде қолданылатын әдіс-тәсілдер көрсетілді.

9-қарашада 10:00-де «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, педагогикалық ғылымдар магистрі Қ.Т.Тулегеновтың «Негізгі музықалық аспап» пәні бойынша МУЗ-311 тобына «Батыстық дәстүрлі ән мектебінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбындағы ашық дәріс сабағы өтті. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әртісі, «Ерең еңбегі үшін медальі» иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Сағадат Рахметжанов ашық сабаққа арнайы қонақ ретінде келіп, Ғ.Құрманғалиев әндерінің шығу тарихымен бөлісті. Сабақ барысында білім алушыларға дәстүрлі ән мектептері туралы терең мәлімет берілді, батыстық дәстүрлі ән мектебінің қалыптасуы мен дамуы туралы жаңа ақпарат айтылды.

10-қарашада «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. А.Н.Бекмашеваның «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» пәні бойынша КЯЛ-311 тобына «Қазақ тілі лексикасының стильдік қабаттары» атты семинар сабағы өтті. Сабақ барысында студенттер қазақ тіліндегі лексикалық бірліктердің стильдік қабаттарына жататын түрлерін анықтады, олардың мән-мағынасын, тілде жұмсалу мақсатын түсініп, мысалдар мен дәлелдер келтіре білді.

10-қарашада «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, практик, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі, зерттеуші Л.С.Лұқпанованың «Бастауыш мектепте инновациялық және интербелсенді оқыту технологиясы» пәні бойынша «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Интербелсенді оқыту әдістері» тақырыбындағы ашық сабағы өтті. Сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас орнату мақсатында қолданылатын әдістермен қатар сабақ негізінде пайдаланылатын топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері, сергіту сәті, бағалау кезеңі және wordwall, Plickers бағдарламалары арқылы жаңаша оқытудың түрлері талқыланды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz