7 қарашада 6В07105 – “Автоматтандыру және басқару” БББ 2 курс білім алушылары үшін “Ural Electric” ЖШС-де “Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы” кафедрасының аға оқытушысы Д.Б. Базарбаев “Автоматтандыру және басқару негіздері” пәні бойынша “Автоматтандырудың техникалық құралдары” тақырыбында тәжірибе бағытталған сабақ өткізді.

Тәжірибе бағытталған сабақтың мақсаты өндірісті автоматтандырудың практикалық аспектілерімен таныстыру болып табылады. Білім алушыларда автоматты басқару туралы жалпы мәліметтерді, басқару схемаларын, автоматты басқару және реттеу жүйелерін құрудың негізгі принциптері туралы білімін қалыптастыру.

Зауытта бас инженер Ж.Т. Рысқалиевтің басшылығымен білім алушылар қауіпсіздік техникасы бойынша алғашқы нұсқаулықтан өтті, сондай-ақ зауытта қолданылатын заманауи автоматтандырылған жабдықтармен танысты. Білім алушылар қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz