2023 жылдың 31 қазанда БҚИТУ Салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Қанатбаев С.Ғ. «Ветеринария» ББ бойынша Вет-31 студенттеріне Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-нің аға оқытушысы, ветеринария ғылымдарының магистры Ф.Х. Нұржановамен «Ветеринарлық фармакология» пәнінен «Антибиотиктер» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырды.

Дәріс барысында антибиотиктерге жалпы сипаттама, олардың жасалу тарихы, жіктелуі, қолданылу ерекшеліктері, әртүрлі ауыл шаруашылық малдарының жұқпалы емес және жұқпалы ауруларына қарсы күресудегі маңызы жөнінде толық мағлұмат берілді. Сонымен қатар, антибиотиктердің адамдар денсаулығын сақтау саласында кеңінен қолданылып, оларды қолдану кезіндегі кейбір жіберілетін қателіктер туралы да кеңінен айтылды.

Дәріс өте қызықты, әрі мазмұнды өтті. Студенттер тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтары қойылып, оларға толық жауаптар алынды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz